Журнал туралы
«Kazakh Journal of Physical Medicine & Rehabilitation» (Журнал) - халықаралық ғылыми-тәжірибелік рецензияланатын мерзімді басылым. Журнал 2011 жылдан бастап жарияланып келеді (бұрынғы атауы – «Вопросы реабилитологии»). «Реабилитологтар мен курортологтар қауымдастығы» Қоғамдық Бірлестігі журналдың меншік иесі болып табылады.
Меншік иесі Журнал жұмысына ұйымдастырушылық және қаржылай қолдау көрсетуді жүзеге асырады.
Басылымның халықаралық сериялық стандартты нөмірі (ISSN) - 2222-2014 (баспа), хххх-хххх (онлайн).
Журнал жылына 4 рет жарық көреді. Сондай-ақ Меншік иесі ұйымдастырған ғылыми конференциялардың материалдарына арналған кезектен тыс шығарылымдарды (нөмірлерге қосымшалар) жариялайды.
Бұл журналда мақала жариялау тегін болып табылады.
Журналдың мақсаты: реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларындағы инновациялық, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға үлес қосу, олардың нәтижелерін ұлттық және халықаралық ғылыми кеңістікте қолжетімді ету.
Журналдың міндеттері:
- реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың бірегей ғылыми-зерттеулерінің (теориялық және эксперименттік), ғылыми-тәжірибелік және инновациялық жұмыстарының нәтижелерін мақала түрінде жариялау;
- реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларындағы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігін арттыра түсуге, сондай-ақ, аталмыш зерттеулердің сараптамасын жетілдіруге ықпал ететін ашық қолжетімділік саясатын қолдау;
- Қазақстанның реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларындағы ғылыми жетістіктерді насихаттау және отандық ғалымдар мен әлемдік ғылыми қауымдастық арасында диалогтық платформа құру;
- реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларындағы заманауи үрдістер мен талаптарға сай мамандар (дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер) даярлаудағы білім беру мәселесін жаңғыртуға өз септігін тигізу;
- халықаралық сараптамалық ортада Журнал иесінің жетістіктерін және ғылыми-академиялық ортадағы имиджін насихаттау.
Журналдың негізгі тақырыптық бағыттары:
- Реабилитологиядағы инновациялық технологиялар;
- Реабилитологиядағы іргелі және клиникалық зерттеулер;
- Физиология мен психология;
- Нутрициология, емдік тағамтану;
- Реабилитологиядағы фармакологиялық қолдау;
- Шұғыл жағдайлар мен ерте оңалту;
- Реабилитологиядағы функционалды диагностика;
- Реабилитологиядағы биомедициналық технологиялар;
- Емдік дене шынықтыру, физиотерапия және гигиена;
- Спорттық медицина мен ғылым;
- Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сүйемелдеу;
- Әлеуметтік реабилитация, адаптация және түзету педагогикасы;
- Реабилитациялық көмекті ұйымдастыру, реабилитациялық қызметтің сапасы;
- Қалпына келтіру медицинасы, аурудың алдын алу, салауатты өмір салты;
- Паллиативті медицина;
- Реабилитологиядағы мейіргерлік іс;
- Реабилитология саласындағы білім берудің өзекті мәселелері;
- Реабилитология саласындағы кадрлық менеджмент және т.б.
Журналдың аудиториясы - отандық және шетелдік ғалымдар, реабилитолог дәрігерлер, резиденттер, магистранттар мен PhD докторанттар.
Журналда реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларының заманауи сұрақтары қамтылған авторлық материалдардың келесі түрлері жарияланады:
- клиникалық және/немесе эксперименталды зерттеулер бойынша төл мақалалар;
- әдеби шолулар (сонымен қатар жүйелі шолулар және мета-талдаулар);
- редакторға арналған хаттар немесе сыни пікірлер;
- ауру ағымының ерекшелігі немесе сирек кездесетін синдромдар сипатталған клиникалық жағдайлар;
- реабилитология саласындағы білімді кеңейтуге бағытталған (түпнұсқа суреттері бар) қысқаша хабарламалар;
- клиникалық ұсыныстар;
- конференциялар, симпозиумдар мен семинарлардың материалдары және т.б.