Редакциялық саясат

Редакциялық саясатты әзірлеу барысында «Kazakh Journal of Physical Medicine & Rehabilitation» журналының меншік иесі қолжазбаларды жариялауда халықаралық талаптарын сақтау мақсатында стандарттарды белгілеп, озық тәжірибені қалыптастыратын келесі халықаралық ұйымдардың ұсыныстарын қолданды:

- Жарияланым этикасы жөніндегі Комитет (СОРЕ);

- Еуропалық ғылыми редакторлар қауымдастығы (EASE);

- Медициналық журнал редакторларының халықаралық комитеті (ICMJE);

- Дүниежүзілік медициналық редакторлар қауымдастығы (WАМЕ).

 

Журнал редакциясы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялай отырып, реабилитология, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, курортология салаларының дамуына үлкен үлес қосады.

Журнал редакциясы ғылыми байланыстар орнату саясатын қолдайды және осы бағытқа өз үлесін қосып келеді. Сонымен қатар Редакция қолжазбаларды сараптамадан өткізу кезеңінде барлық заманауи талаптардың сақталуына жауап береді.

Журнал редакциясы жарияланған мақалаларға қатысты барлық тараптардың, атап айтқанда Авторлардың, Редакторлардың, Рецензенттердің, Меншік иесі мен ғылыми қоғамдастықтың этикалық іс-әрекетінің озық нормалары мен ережелерін ұстанады.

Журнал редакциясы жарияланатын ғылыми материалдардың сапасын қатаң қадағалауды өз міндетіне алады.

Журнал редакциясы Жарияланым этикасының нормалары бұзылған жағдайда, мақаланы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

 

ҚОЛЖАЗБА ТІЛІН ТАҢДАУ

Журнал Автордың таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде мақалалар жариялайды.

 

МАТЕРИАЛДАРДЫ ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Авторлық материалдардың жоғары сапасы, бірегейлігі, жаңалығы және ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы оны жариялау үшін қабылдаудың негізгі критерийлері болып табылады.

 

РЕЦЕНЗИЯЛАУ САЯСАТЫ

Журнал редакциясы тек қана «қос жасырын» рецензиялау саясатын ("double-blind" peer review policy) қолдайды.

 

АШЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК САЯСАТЫ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ

Жарияланған материалдарды кеңінен талқылау, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық реабилитология саласының тәжірибесіне енгізу үшін Редакция жарияланымдарға ашық қолжетімділік саясатын (Ореп Ассеѕѕ) ұстанады. Журнал редакциясы Creative Commons Attribution (BY) лицензиясын қолданады. Оқырмандарға Журналда жарық көрген мақалалардың толық мәтінін оқуға, жүктеуге, көшіруге және таратуға рұқсат етіледі.

Барлық жарияланған мақалалардың толық мәтінді нұсқалары Журнал сайтында қолжетімді.

 

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ

Қолжазбаны Журнал редакциясына алғашқы тапсырған кезде Автор ілеспе хаттың мәтінінде Мүдделер қақтығысы туралы біржақты түсіндірілген мәлімдеме жасауы керек.

Журналдың редакциясы Рецензенттің немесе Редактордың ғылыми пікіріне, соның салдарынан Редакциялық алқаның мақаланы жариялауға қатысты шешіміне әсер етуі мүмкін кез келген қаржылық, жеке немесе кәсіби сұрақтар орын алған жағдайлардың барлығын мүдделер қақтығысы ретінде қарастырады.

Редакторлар мен Рецензенттер редакцияның шешіміне әсер ету ықтималдығы жоғары мүдделер қақтығысы туралы мәлімдей алады.

Редактор немесе Рецензенттің Авторға қатысты мүдделері қайшылығы орын алғанда қолжазба басқа Редакторға немесе Рецензентке сараптамаға жолданады. Журналдың редакциясына келіп түскен кез келген қолжазбаны бағалау біржақты болмайды. Рецензиялау процесіне қатысушылардың бірі мәлімдеген мүдделер қақтығысы қолжазбаны жариялаудан бас тартуға алып келмейді. Себебі қолжазбаны бағалаудың маңызды көрсеткіші оның ғылыми сапасы болып табылады.

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректер Автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдаланылмайды. Рецензиялау барысында алынған ақпарат немесе идеялар құпия түрде сақталады.

Қолжазбамен байланысты әр түрлі тараптардың мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Редакторлар Редакция алқасының басқа мүшелерімен бірлесіп, ортақ шешім қабылдауы мүмкін.

Мақалада ұсынылған деректер мен қорытындылардың қате немесе үшінші тарапқа моральдық залал келтіруі мүмкін екендігіне сенімді дәлелдемелер анықталса, Редактор бұл мәселеде шешуші қадам жасау үшін Бас редакторға хабар береді.

 

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ

Автор Журналда жариялау мақсатында өз қолжазбасын ұсынған кезде арнайы Авторлық құқықты беру формасына қол қояды. Осы құжаттың көшірмесі мақаламен бірге тіркеледі. Мақала жариялауға қабылданған жағдайда қолжазба бойынша меншік құқығы Журналға өтеді.

Журналда жарық көрген мақалаларды Редакцияның жазбаша рұқсатынсыз басқа журналдарда қайта жариялауға тыйым салынады. Егер қолжазба Журналда жарияланбаса, онда авторлық құқықты беру заңды күшке ие болмайды.

 

ҚҰПИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ

Журналда жариялауға ұсынылған қолжазбадағы Авторлар туралы мәліметтер (тегі, есімі, әкесінің аты, жұмыс орнының атауы, ұйымның мекен-жайы, e-mail, байланыс телефоны) қолжазба жарияланғаннан кейін қолжетімді болады. Бұған мақала Авторлары Авторлық құқықты беру формасына қол қою арқылы жазбаша келісім береді.

Авторлар туралы қажетті мәліметтер тізімі журнал сайтының «Авторлар үшін» бөлімінде қолжетімді. Аталған мәліметтерді жариялау қолжазбаларды толық және дұрыс есепке алу, оларды тиісті библиографиялық базаларға тіркеу және авторлардың ғылыми қауымдастықпен байланысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында, яғни Автордың мүддесі үшін жүзеге асырылады.

Авторлар Журналға мақала ұсынғанда көрсеткен жеке ақпарат қолжазбаларды рәсімдеуге қойылатын талаптардан басқа тұста тек мақаланы сараптамадан өткізу процесі барысында Автормен байланыс орнату үшін ғана пайдаланылады.

 

ҚОЛЖАЗБАНЫ ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ

Авторлардан мақаланы рецензиялау және жариялау үшін ақы алынбайды.